"Алтын домбыра" айтысында эфирден қиылып қалған ЕРШАТТЫҢ ШЫНДЫҒЫ Сөйле тілім алаңдама, тартынба, Аңғал қазақ, ақиқатты ал тыңда. 15 минут шындық айтып кетейін, 15 миллион халқым барда артымда. Биыл біздің билік қалай өзгерді? Көкелердің не істегенін көз көрді. Ештеңе де істемеді, айтты олар Алдар көсе айта алмаған сөздерді. Жаңа жылды қарашада ойлады, Солай ұлттың тағдырымен ойнады. Азаттықтың туған күнін тойламай, Християнның өлген күнін тойлады. Тойла десе тойлаймыз ғой, көнерміз, Шетелдердің тойын тойлап өлерміз. Жаңа жылды тойлағыштар, Наурызда Ұлыс күнін тойлар болса көрерміз. Ей, көкелер азат елге бол тұтқа. Жаңа жылды тойлаймыз деп қорқытпа. Ақшақардан Сәбиралар кем бе еді? Аяз ата Қайраттардан артық па? Қара халық жалдап жатыр ескі үйде, Көкелердің көкейін бұл теспейме? Жаңа жылда шыршаларды кескіштер, Өздерінің жалақысын кеспейме? Қарынбайлар елін ойлап іш тартсын, Екі қолға бір күректен ұстатсын. Қайғысы көп, айлығы аз халқымды, Қызметінен қысқартуды қысқартсын! Ақиқатқа айналмай тұр көп арман, Мен әділдік таппай жүрмін қоғамнан. Пайдасы жоқ депудат көп сенатта, Қысқартуды бастау керек солардан. Ей, көкелер, жүре бермей екі ойда, Елді тонап, жерді тонап кет айға. Әр қазақтың баспанасы болмаса, Жеріміздің кеңдігінен не пайда? Бейбақ қазақ бейбіт күнде мұңайдың, Мен сен үшін еңіреймін, жылаймын. Аз қазағым шалқып өмір сүрмесе, Көптігінен пайда барма мұнайдың. Ей, көкелер тыңдаңдаршы мені де, Қысық көздер көз сүзбесін кеніме. Жер астынан шығып жатқан байлықты, Бермеңдерші аспан асты еліне. Ащы даусым ашынғаннан шығады, Мен ол үшін бола алмаспын кінәлі. Таптамасын, орыс, қытай, ұйғұрлар, Қазақстан - қазақтардың тұрағы. Ей, көкелер, билік үшін мимандар, Аңқау елдің адалдығын сыйлаңдар. Өмірімді қисаңдарда өтінем, Өлеңімді экраннан қимаңдар. Қайран, қазақ, не көрмедің, не көрдің? Мен сен үшін барлығына көнермін. Таңдайыма түскен сөзді айттым ғой, Маңдайыма жазылғанды көрермін... - Ершат Қайболдин

Теги других блогов: қазақ Алтын домбыра сөйле тілі